Анаға сағыныш. Кеткеннен соң мерзім келіп өмірден, Суық ызғар кетпей қойды көңілден. Тек сағыныш жүрегімде мекендеп, Аңсап жатыр анашыма жетем деп. Уақыт деген зулап өтті қас қағым, Міне мен де жаңа өмір бастадым. Бір жұдырық алақандай жүрегім, Алаңдаумен сені іздейді анашым. Қабіріне бара алмай бұл күні, Бұл өмірдің проблеманың көптігі. Тек Аллаһтан тілейтінім жүрекпен, Анашымнын Жұмақ болғай мекені. Еске алып ботадай бір боздайын, Бұл мауқымды кімге барып басайын. Бір арманым қалып барады өмірде, Сүйсем екен деп анашымның маңдайын. Өмір деген көрсетсе де көп қайғы, Мына жүрек бәріне де шыдайды. Анасы бар жандарға айтайын, Бұл өмірде анаңдай ешкім болмайды. Мендік жүрек сабырымен төзімді, Еске алам балалық бір кезімді. Бұлдыр елес қалып қойған сол шақтан, Еске алып жүрегім де езілді. Жаным тулап оттай барады өртеніп, Бұл тағдырға жүрек қалды кектеліп. Төрт жасыма толмаған да едім ғой, Неге анамды алып қойдың тездетіп. Неге солай неге қатал бұл тағдыр? Жеңер болсаң мына мені де бағындыр. Жандар болса сағынатын расымен, Мейлі өмір сағындырсаң сағындыр. Анашымның бір құшағын аңсадым, Өзге жанның бауырына баспадым. Осы күнге жиналған барлық сырымды, Қиналсам да ешкімге бірақ ашпадым. Бір жетімдік сезінбесін ешбір бала, Қиналмайсың бұл өмірде ана барда. Шын сезімің болса егер жүректе, Оған лайық расымен де Ана ғана. Жалгыз Жан!!!

Теги других блогов: продвижение SEO Google